Пайдаланушыға немесе қауіпсіздік тобына рөл тағайындау

Пайдаланушыға немесе пайдаланушылар тобына рөл тағайындау үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  3. Басқару сервері сипаттары терезесінде Қауіпсіздік бөлімін таңдаңыз.

    Қауіпсіздік бөлімі, интерфейс параметрлері терезесінде Қауіпсіздік параметрлері бар тарауларды көрсету жалаушасы қойылса қолжетімді болады.

  4. Топтардың немесе пайдаланушылардың аттары өрісінде рөл тағайындалатын пайдаланушыны немесе пайдаланушылар тобын таңдаңыз.

    Егер пайдаланушы немесе топ өрісте болмаса, оларды Қосу түймесі арқылы қосыңыз.

    Пайдаланушыны Қосу түймесі арқылы қосқан кезде пайдаланушы түпнұсқалық растамасы түрін таңдауға болады (Microsoft Windows немесе Kaspersky Security Center). Kaspersky Security Center түпнұсқалық растамасы виртуалды Басқару серверлерімен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын ішкі пайдаланушы есептік жазбаларын таңдау үшін пайдаланылады.

  5. Рөлдер қойыншасына өтіп, Қосу түймесін басыңыз.

    Пайдаланушы рөлдері терезесі ашылады. Терезеде жасалған пайдаланушы рөлдері көрсетіледі.

  6. Пайдаланушы рөлдері терезесінде қауіпсіздік тобы үшін рөл таңдаңыз.
  7. OK түймесін басыңыз.

Нәтижесінде басқару серверімен жұмыс істеу құқықтарының жиынтығы бар рөл пайдаланушыға немесе қауіпсіздік тобына тағайындалады. Тағайындалған рөлдер Басқару сервері сипаттары терезесінің Қауіпсіздік бөліміндегі Рөлдер қойыншасында көрсетіледі.

Басына оралу